Жарты жылға жуық уақытта Қазақстаннан 7 мыңдай адам көшіп кеткен

image_750x_5b0246497aa62.jpg

2018 жылдың басынан бері Қазақстаннан 6 846 адам қоныс аударған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Комитеттің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі ТМД, оның ішінде Ресейге қоныс аударған.  Германияға 500-ге жуық, АҚШ-қа 60-тан астам азамат көшіп кеткен. 

"Ең үлкен көші-қон Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Қазақстанға тұрақты тұруға келетін шетелдіктер де аз емес, олар, әдетте, ірі қалаларды таңдайды", — деді комитет сарапшысы Қайыр Рыспаев "Астана" арнасына берген сұхбатында. 

Бұдан бөлек, қала халқының саны, әсіресе, мегаполистерде өсіп жатқаны айтылады. Мәселен, Алматыға көшіп келгендердің саны қоныс аударғандардан 9 294 адамға көп, қазргі уақытта қала халқы 1 миллион 815 мың адамға жеткен. Астанада бұл көрсеткіш — 3 370 адам. 

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Жарты жылға жуық уақытта Қазақстаннан 7 мыңдай адам көшіп кеткен