Қазақстандық көліктер Өзбекстанда арзанға сатылады


Өзбекстан 2017 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда жасалған және біздің елден енгізілетін жаңа көліктердің акциздік салығын төмендетті, деп хабарлайды uzdaily.uz.

Өзбекстан президенті 29 қыркүйек күні «Өзбекстан Республикасының алдағы уақыттағы сыртқы экономикалық қызметін реттеу туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жасалған және біздің елден енгізілетін жаңа көліктердің акциздік салығы (медициналық мақсаттағы көліктерден басқа) 1 қазаннан бастап 2 пайызға төмендетілетін болды.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Қазақстандық көліктер Өзбекстанда арзанға сатылады