Бердымұхамедовтың берген қолы алуды да біледі

image_750x_5afeb1cf1fbbb.jpg

Түркіменстанда былтыр қыркүйекте  Ашхабадтта өткен Азиада жеңімпаздарына  президенттің берген сыйлықтарын мемлекет қайтарып алып жатыр.

Азаттықтың жазуынша, Түркіменстан өкіметі қаржылық дағдарысқа қарамастан Азиаданы өткізуге миллиардттаған доллар шығын жұмсаған. Осы жарыс кезінде түркімен өкіметі чемпиондарға «Тойота Камри» көлігін сыйға тартқан. Енді шенеуніктер той тарқаған соң «Тойотоларды» «кері шақырып» жатыр.

Кейбір деректерге қарағанда көліктің кілтін табыс етер кезде шенеуніктер чемпиондарға «темір тұлпарды» әзірге айдамау туралы ескерту жасаған көрінеді. Кейінірек жергілік әкімдік пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері чемпиондардың үйлеріне келіп,  көлікті алып кеткен. Олар :

-Егер жұрт «алған көлігің қайда?» деп сұраса, «сатып жібердім» деп айтыңдар,-деген нұсқау берген көрінеді.

Қызық болғанда Азиададан кейін билік тіпті кейбір спортшылардың медальдарын да алып қойған. Допинг дауына іліккен кейбірін соттатып жібергенге ұқсайды.

Айта кетері, Азиадада алтын алғандарға -көлік, күмістерге- 5 мың, қолаларға -3 мың доллардан ақшалай сыйлық берілген болатын.


«Рейтинг» газеті

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Бердымұхамедовтың берген қолы алуды да біледі