Атамбаевтың айтқаны айдалада қалмақ

image_750x_5afeb21e5f7eb.jpg

Қырғызстан жақын арада Парламенттік республикаға айнала алмайтын сияқты. Экс-президент Атамбаевтың айтқандары айдалада қалайын деп тұр.

«Тұрақты халық кеңесі» 14 мамырда Бішкекте жиын өткізді. Ұйым басшысы, бұрынғы бас прокурор Азимбек Бекназаровтың айтуынша, жиналыста Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізу туралы талап қойылған.

«Біріншіден, парламент депутаттарының санын 120-дан 60-қа азайту керек. Олар партия тізімі бойынша емес, бір мандатты округтер бойынша сайлануы тиіс. Екіншіден, президент пен Жогорку Кенеш есептері жыл сайын халық құрылтайында тыңдалуы тиіс. Үшіншіден, жергілікті соттардың судьяларын жергілікті кенеш депутаттары сайлауы керек. Осы өзгертулер үшін бастамашыл топ құрылды», — деді Бекназаров.

Егер Қырғызстан парламенттік республикаға айналатын болса, онда Жоғарғы Кеңестің депутаттарының санын екі есеге дейін қысқарту неге керек? Депутаттарды бір мандатты округтер бойынша сайлау сөз жоқ, саяси партиялардың маңызын төмендетеді. Бұл талапқа президент Сооронбай Жээнбеков қалай қарар екен?


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Атамбаевтың айтқаны айдалада қалмақ