Шымкент каналына "жан бітті"

image_750x_5b10d09e29202.jpg

Жаздың жайдары күндерінде Шымкентте тағы бір саябақ ашылмақ. Бұған дейін Қошқар ата жағалауын реттеуді қолға алған қала әкімдігі енді Шымкент каналын абаттандыруға көшті.   Ұзындығы 20 шақырымға жуық Шымкент каналында бүгінгі таңда су жоқ. Жасыраныты жоқ арнасы қоқысқа толған.  Алдағы күндері канал жағалауы адам танымастай өзгереді дейді мамандар.  Алдымен Еңбекші ауданы әкімдігінің мамандары канал жағалауында бейберекет орналасқан гараждар мен сарайларды бұзды. Енді аяқжол төсеп, жарықшамдар қоя бастады. Тіпті мұнда алғашқы гүл аллеясы да пайда болыпты. 11 және 12 шағынаудан аралығында абаттандырылып жатқан каналдың ұзындығы 250 метрді құрайды. Мұнда негізі көпқабатты үйлер көп.. ТҮКШ бөлімі мамандарының айтуынша 20 шақырымға созылған каналдың жағалауы толық абаттандырылмайды. Тек демалыс орнына ыңғайлы жерлері іріктеліпті. Қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов: «Наурыздағы каналдың құбырын осы каналға бұруға мүмкіндік бар. Бұл тек әзірге жоспар ғана» дейді. Жоспар толығымен жүзеге асса қала тұрғындары мен қонақтары саябаққа келіп серуендей алады.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Шымкент каналына "жан бітті"