Шымкенттің даму бағдарламасы бекітілді

image_750x_5b10ca1ebe199.jpg

Жақында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті. Жиында Шымкенттің дамуының тұжырымдамалық бағдарламасы қабылданды.Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Нұрлан Бекназаров және халық қалаулылары, аудан әкімдері және құрылымдық бөлім басшылары қатысқан сессияда миллионға жуық халқы бар қаланың әлеуметтік- экономикалық, архитектура мәселесі сөз болды. Сондай-ақ  2018 жылдың басында ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгертулерге байланысты салық мөлшерлемелерін жоғарылату мәселесі айтылды. Олардың ішінде жер салығы, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, автотұрақтар санаттарын белгілеу және орналасқан жерлерге арналған базалық мөлшерлемелерін жоғарылату ұсынылды.


   Қала әкімінің орынбасары Тимур Баймұханов мегаполисінің тұрақты және кеңістік дамуының тұжырымдамалық бағдарламасын қабылдау туралы ұсынысын жеткізіп, баяндама жасады. «Мамыр айында Астана қаласында өткен форумда Елбасы Н.Назарбаев:«Мегаполистер дәуірі келе жатыр. Демек олардың арасында бәсекелестік пайда болады. Бұрын миллиондаған халқы бар қала Алматы болса, бүгінде олардың қатарында Астана мен Шымкентте бұл процестер жалғасады» деп мәлімдеді. Олай болса, біздің қаламызда тұрақты және кеңістік дамудың тұжырымдамалық бағдарламасы болуы керек. Бұл қажеттіліктен туындап отыр. Мегаполисті дамытудың қазіргі кезеңі тәжірибені қайта қарауға және бұрынғы жетістіктерді синтездеуге әрекет деп атауға болады, – деді Т.Баймұханов.


Қалалық мәслихаттың депутаттары Шымкент қаласының алып мегаполис болып, оның даму бағдарламасын бекіту туралы құжат тұңғыш көтеріліп отырғанын тілге тиек етті. Осылайша сессияда қаралған өзге де мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Шымкенттің даму бағдарламасы бекітілді