БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАС БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

image_750x_5b11cf37636b9.jpg

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Балғын балалар – біздің болашағымыз» тақырыбында танымдық экскурсиялық шара өтті. Шараның мақсаты – болашақ жастарымыз бен жасөспірімдерімізге қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсету. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», - деген болатын. Өскелең ұрпақтың кіндік қаны тамған туған жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сана-сезімін ояту мақсатында балабақша тәрбиеленушілері киелі де қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Жиые барысында балабақша бүлдіршіндері тақырыбқа сай тақпақ айтып өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылықтарын шыңдай түсті. Шара соңында бала тәрбиелеген ұстаздарға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің әкімшілігі атынан алғыс хаттар мен баспа өнімдері табысталса, жас бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар табыс етілді.