Асхат Тарғын бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты

image_750x_5b0e4004d40be.jpg

Әнші Асхат Тарғын осыдан бір жылдай бұрын екінші рет шаңырақ көтерді. Бүгінде Асхат пен оның жары Әлияның бір атұстары бар. Сондай-ақ, әншінің алғашқы некесінен Айым есімді қызы бары белгілі, деп жазады Stan.kz.

Асхаттың өзі бүгінде Алматыда тұрғанымен, қызы Айым анасымен бірге Ақтөбе өңірінде. Әнші қызын ел алдына алып шығып, концерттерге қатыстырғанымен, бұрынғы жары жайлы көп айта бермейді. Бұл жолы Асхат бірінші әйелімен ажырасуының себебін ашып айтты.


“Алдыңнан не күтіп тұрғанын білмейсің. Басында жас болдық, балалық болды. Ата-анамыз үйлен дегеннен кейін үйлендік. Бірақ кейіннен бір-бірімізді түсіне алмайтынымызды білдік. Небәрі үш жыл бірге тұрдық, арамызда қызымыз бар. Біздер отбасымызды сақтай алмадық, себебі бір-бірімізді түсіне алмадық. Менің ата-анам бар, мен үйдің кенжесімін, ата-ана бағуым керек. Ал ол кісі ата-анаммен тұрғысы келмеді. Сондай нәрселерге қатысты ойымыз бір жерден шықпады, сонымен ажырасуға тура келді”, – деді ол 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Асхат Тарғын бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты