Атышулы "Қалаулымның" жүргізушісі эфирден жылап шықты (видео)

image_750x_5b0fa15d63b42.jpg

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі Аша Матай эфир бітпестен көзіне жас алып, студиядан шығып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші әрі актриса эфирде денесінің 50 пайызын қатерлі ісік зақымдаған бүлдіршін - Алима Көпейдің жағдайын айтып, оған көмек беруді өтінген.

Аша Матай көпшілікті дұғада болуға шақырады. Бүтін бір отбасының ауыр тағдырын жүрегіне жақын қабылдаған әнші көзіне жас алып, көрермендерімен тез қоштасқан бойда студиядан шығып кетті.

Еске сала кетейік, Алима Көпей есімді екі жасар қыздың парақшасына 190 мыңнан астам адам жазылған. Қазір балақай арнайы аппаратта ес-түссіз жатыр. Ал балақайды емдеп жатқан профессор оның алғашқы химиотерапиясы ауыр өткенін мәлімдеген еді.


Видео мына сілтемеде:

https://www.instagram.com/p/BjHYQtTHLiD/?taken-by=kalaulymshow4


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Атышулы "Қалаулымның" жүргізушісі эфирден жылап шықты (видео)