Алғашқы интернет пен сайт жүйесін жасаған кім?

Көрлімі: 270

World Wide Web - ті жасаған Тим Бернерс-Ли әлемді өзгертті, бірақ өзі сол қалпында қалды


1991 жылы 23 тамызда британдық ғалым Тимоти Бернерс-Ли ресми түрде әлемдегі тұңғыш интернет-сайтты ұсынды. Сол 25 жылдан бері әлем түбегейлі өзгерді.  

Алайда қазіргі интернет деген Бернерс-Лидің бұрынғы ойынан басқаша. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба – даулы сұрақ. Бұл жөнінде WWW жасаған адам не ойлайды? Бернерс-Лидің өзі қандай жол жүріп өтті? 

Тимоти Джон Бернерс-Ли Британдық. Ол 1955 жылы 8 маусымда Лондонда туған. Оның ата-анасы Конвэй Бернерс-Ли және Мэри Ли Вудс екеуі де математик ғалым болған. Оларда IT-мен тығыз байланысты болды: ең алғашқы компьютер Manchester Mark I ойлап тапқандардың зерттеу жұмыстарына қатысқан.  

Оның үстіне WWW зерттеу жасауына америкалық ғалым Ванневар Буштың идеясы әсер етті. Ол гипермәтін концепциясын ойлап тапқан ғалым еді.  

Гипермәтін кең мағынасында әдеби шығарманы, сөздік не энциклопедияны еске түсіреді. Онда негізінен конфигурациялар (patterns)  жинақталған. Оларды қолдану бір жолдағыдай кезектеспеген мәтін бөліктерін бірегей мағына деп қарастыруға мүмкіндік береді. 

Компьютер терминологиясында гипермәтін дегеніміз шаманың тілін гиперсілтемелер жасау есебімен қолданатын мәтін.

Тим Бернерс-Ли бірнеше жылдан кейін Тед Нельсон «Құжатталған ғалам» жасайық деген идея айтады. Онда адамзат баласы жазып қалдырған бүкіл мәтіндер бір жүйеге бірігеді. Бүгінгі таңда оларды «қиылысатын сілтемелер» деп атар едік.    


Балалық шағы мен жасөспірім кезі

12 жасында Тим Вэндсворт қалашығындағы Эмануэль деген жекеменшік мектепке түседі. Сол жерде бала Тим нақты білімдерге деген қызығушылығын көрсетеді. Мектепті бітірген соң Оксфорд жанындағы колледжге түседі. Бірде оны оқу компьютерлеріне кіргізбей қояды. Ол хакерлік шабуыл жасаған болып шығады (басқа нұсқа бойынша оны ядролық физика зертханасының компьютерін ашып ақтарып, онда компьютер ойындарын ойнағаны үшін қудалаған дейді). Ол кезде компьютерлер үлкен пішінді еді. Ал компьютерде ойнау тым қымбат еді.

Бұл жағдай Тимді компьютерді өзім де құрастырып алам деген ойға итермелейді. Біраз уақыттан кейін ол М6800 процессор негізінде өзіне компьютер құрастырып алады. Монитор орнына кәдімгі теледидарды, пернетақтаның орнына сынып қалған калькуляторды қолданады.


Карьерасы

Бернерс-Ли Оксфордты«Физика» мамандығы бойынша 1976 жылы тәмамдайды. Содан кейін жұмысын Дорсет графтігіндегі Plessey Telecommunications Ltd. Компаниясында бастайды. Оның жұмыс аясы бөлінген транзакцияларды жасау болатын. 

Бірнеше жылдан кейін ол басқа компанияға ауысады - DG Nash Ltd. Мұнда ол принтерге арналған бағдарламалық қамтуды жүзеге асырды.  

Келесі жұмыс орны Тимнің тағдырында айтарлықтай із қалдырды. Тіпті адамзат өмірінде де ерекше із болды десек те болады. Ядролық зерттеулердің еуропалық зертханасы (CERN, ЦЕРН) Женевада орналасқан еді. Швейцарияда. Тим Бернерс-ЛиEnquire (ағылшын тілінен тура аударғанда мағынасы «тергеуші», «анықталмалық», «қойын діптер») бағдарламасын жасап шықты. Бұл бағдарлама кездейсоқ ассоциация тәсілін қолданды. Оның жұмыс істеу ұстанымы ақырында әлемдік торды жасау идеясын тудырды.  

Содан кейін Тим үш жыл бойы компьютерлік сәулетші болып жұмыс атқарды. CERN-дегі ғылыми жұмысының аясында ол ақпарат жинау үшін бірқатар бөлінген жүйелерді жасап шықты.       

1981 жыл мен 1984 жыл арасында Тим Бернерс-Ли ImageComputerSystemsLtd. Компаниясында жұмыс істеді. 


WWW

1984 жылы ол CERN-ге қайтып оралды. Келе салысымен бұл жерден стипендия ұтып алды. Бұл кезде ол «FASTBUS» деген жүйені жасап шығарған еді. Жекеменшік RPC(ағылн. Remote Procedure Call, үдерісті алыстан шақыру) жүйесін жасады. Оның үстіне Enquire бағдарламасы өңделе бастады. 

Жаңа даму сатысында бұл бағдарлама тек гипермәтіндік сілтемелерді қолдап қана емес, базадағы іздеуді жеңілдетіп, көпшілік қолданатындай және кроссплатформалық жүйе болуы тиіс еді. 

Жаңа бағдарламаның басты мақсаты гипермәтіндік құжаттарды жариялау еді. Олар өзара гиперсілтемемен байланысты болуы тиіс болатын. Бұл ақпарат іздеуді айтарлықтай жеңілдететін. Ақпаратты жүйелеп, сақтайтын. Бастапқыда бұл жоба CERN-нің ішкі торабында зерттеу жұмыстарын жеңілдету үшін қолданылады деп есептелген. Қазіргі замандағы кітапханалардың баламасы сияқты, немесе өзгеде ақпарат сақтаушыларды алмастыру. WWW қосылған кез келген компьютерден мағлұматты жүктеу, ақпаратты ашық алу жүзеге асуы тиіс еді.

Өзінен үлкен әріптестерінің мүмкін емес дегеніне қарамастан 1989 жылы«World Wide Web» деп аталған жоба бекітіліп, жүзеге асты. Тимге көп көмек көрсеткен адам Роберт Кайо болды. 

1990 жылдың күзінде CERN қызметкерлері «веб-сервер» және  «веб-браузерді» қолдана бастады. Оларды Тим Бернерс-Ли NeXTStep-те өз қолымен жасап шыққан еді. 1991 жылы жазда WWW жобасы Еуропаның ғылыми ортасын мойындатты. Мұхит асып америкалық Internet-ке қосылды.  

Бұл жобаны жасау жұмыстары 1991 жылдан 1993 жылға дейін созылды. Өндірушілер қолданушылардың пікірін жинап жүрген. Солардың сөздеріне қарай әлемдік тордың жетіспеген тұстарын жетілдірді. Нақтырақ айтсақ, URL, HTTP мен HTML-дың хаттамаларының алғашқы нұсқалары ұсынылды (жекелей мысал ретінде URI идентификаторын алса болады). Сонымен қатар World Wide Web гипермәтіні негізінде алғашқы веб-браузер мен WYSIWYG редакторы жасалды.  

WWW басты қасиеті әрдайым түйіндердің орталықтандырылмағаны еді. Интернеттің ата-бабасы секілді (ARPANET пен NSFNet тораптары) интернетте тыңғылықты қызмет көрсетті. Ол жағрапиялық кеңістікке еркін енді. Саяси кедергілері болмады. 

1991 жылдан бері веб өзінің жедел даму жолына түсті. Арагідік жетілдіріліп отырды. Соның арқасында басты қасиеттерін жойды. Әлемдік тораптың тамырында тұрған DNS-серверлері АҚШ-тың аумағында жинақталды. Бұл торапты ыңғайсыз етті.  


Тимнің бұның бәрі неге соқтыратыны туралы сөзін келтірейік: 

Интернет-сервистерді монополияда ұстау мынадай стандартпен қалыптасты: алдымен адамдарға торда бірдеңені тегін істеу ұсынылады. Интернетте, картада, компьютерде, смартфонда пошта қарау, чатта сөйлесу, әлеуметтік желіде араласу, бейнебаян көру, өзінікін жүктеу, істерін жсопарлау мен демалысын тиянақтау, браузердегі құжаттармен тікелей жұмыс істеу сияқты... егер танымал қызметтердің кейбір баламасы жетіспей тұрса, оларды басқа компаниялардан сатып алады. Оларды ірі холдинг деңгейіне дейін өсірмей, бәсекелестерді жойып отырады.

Көпшілікке қалыпты болған қолжетімді дүниенің бәрі ақырында бір ғана компанияның қызметі болып шығады. Ал бұл компания бүкіл адамның әр қадамын жіті бақылап отырады. Google, Microsoft, Yahoo, Apple, Facebook… Сіз олардың өнімін пайдаланамын деп ойлайсыз, ал олар сіз туралы бүкіл ақпаратты пайдаланып, интернетті өзара бөлісіп, сізге қатаң шарттарын қоя бастайды. YouTube-ке пікір қалдыру үшін Google-ге тіркел деген сияқты. Қайда жүргеніңізді анықтауға рұқсат бересіз, өзіңіздің профиліңізге ашық кіруге рұқсат, достарыңыздың тізімін ашық көрсетесіз. Осылай кете береді.



Әлемде ең алғаш жасалған сайт :

Әлемдегітұңғышвеб-сайттыБернерс-Лиinfo.cern.ch/ деп ашты. Бұл сайт қазір мұрағатта жатыр. Оны 1991 жылдың 6 тамызында жасады. Оның мазмұны - таныстыру мен көмекші ақпарат беру болған. Бұл сайтта әлемдік тор деген не, веб-серверді қалай орнатуға болады, браузерді қалай алуға болады деген сияқты сұрақтарға жауап табуға болатын еді. Бұл сайт әлемдегі тұңғыш интернет-каталог еді. Себебі, Тим Бернерс-Ли онда өзге сайттарға сілтемелерді жинақтап еді.


Тордың одан кейінгі дамуы

1994 жылы Бернерс-Ли MIT (қазіргі кезде Информатика мен қолдан жасалған зият зертханасы, Массачусетс институтымен біріккен) деген информатика зертханасында 3Com негізін қалаушылар кафедрасын басқарды. Ол ең мықты зерттеушінің бірі. 

1994 жылы осы зертхананың жанынан ол Әлемдік тор КонцорциумынMIT (W3C) құрады. Бұл концорциум әлі күнге дейін интернет торабы үшін стандарттарды жасап, енгізіп отырады. Нақты айтқанда, Концорциум Әлемдік тордың тұрақты әрі үздіксіз дамуын қадағалайды – яғни, қолданушының сұранысына сай әрі техникалық прогресстің деңгейіне сәйкес. W3C Әлемдік тордың тұтастай қауқарын ашуға барын салып жатыр. Ол үшін стандарттардың тұрақтылығы мен даму эволюциясының жылдамдығын есептейді.  

1999 жылы Бернерс-Ли «Торды өру: Әлемдік тордың нәтижесі мен келешегі» деген кітап шығарды. Кітапта автордың өмірлік мақсатына айналған жобаны қалай іске асырғаны туралы толықтай жазылған. Интернет пен интернет-технологиялардың даму мүмкіндігі жайында жазды. Бірнеше маңызды ұстанымдарды ұсынады: 

1. Тордағы ақпаратты редакциялаудың мүмкіндігінің болуы өте маңызды, бірақ одан да маңыздысы серфинг. Бұл жайтқа келгенде Бернерс-Ли WYSIWYG концепциясына қатты сенді. 

2. Компьютерлер адамдарға ортақ істі бітіруге көмектесетін «фонға қойылатын үдеріс» ретінде қолданылады. 

3. Интернеттің әрбір қыры иерархия сияқты емес, өрмекшінің өрмегіндей жұмыс атқаруы тиіс. Бұл мағынада ең жағымсыз нәрсе ICANN ұйымы басқаратын домен аттарының жүйесі ғана олай жасай алмайды (ағылш. Domain Name System, DNS). 

4. IТ-мамандар тек техникалық тұрғыда емес, моральды тұрғыда да жауапты. 

2004 жылы Бернерс-Ли Саутгемптон университетінің профессоры атағын алды. Ол онда семантикалық тор жобасын жасап жатқан. Ол Әлемдік тордың жаңа нұсқасы. Мұнда бүкіл ақпарат арнаулы бағдарламаның арқасында өңдеуге лайық боп тұрады. Бұл кез келген ресурста «адамдарға арналған» қарапайым мәтін ғана емес, оған қоса компьютер ғана оқи алатын арнайы кодталған контент қатар жүретін болады. 

Семантикалық тор нақты құрылымдық ақпаратты платформасы мен бағдарлама тіліне қарамастан кез келген қосымшаға қолдануға жарамды етеді. Бағдарламалар керекті ресурсты өзі табатын болады. Тапқан мағлұматты санатқа бөліп, логикалық байланысын тауып, нәтиже шығарып, шешім қабылдайтын болады. Бернерс-Лидің пікірінше, семантикалық торды сауатты енгізіп, кең таратса ол интернетте революция жасайды. 

2004 жылы 16 шілдеде Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Тим Бернерс-Лиге Рыцарь атағын берді. 

2005 жылы оның екінші кітабы жарияланды. «Семантикалық торды өткенде: Әлемдік тордың әлеуетінің толық ашылуы». 

Қазіргі кезде Тим Бернерс-Ли Британдық компьютер қоғамдастығының Ерек мүшесі. АҚШ ғылым академиясының және тағы да басқа елдердің шетелдік мүшесі. Оның еңбегі көптеген марапатқа ие. Оның ішінде еңбегін елеген Орден. Time Magazine (1999 жыл) журналының айтуынша ол «Ғасырдың ең ұлы адамы» тізіміне енді. «Білім торабы» (2005) номинациясы бойынша «Квадрига» премиясын, М.С.Горбачевтың «Қайта құру» номинациясында – «Әлемді өзгертке адам» (2011) премиясын жеңіп алды. 

2014 жылы 12 наурызында вебке 25 жыл толды. Осыған орай WWW иесі өз блогында мынадай мақала жариялады.

«1993 жылы мен CERN-діWWW технологияларын жариялауға көндірдім. Бұл ақпарат әркімге қолжетімді болды. Ешбір лицензиялық төлемнің қажеті жоқ еді.

Осы шешім он мыңдаған адамдарға бірлесе отырып әлемдік торды жасауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жер шарының 40% оны қолданып отыр. Веб әлемдік экономикаға триллиондаған доллар пайда әкелді. Білім мен медицина саласын жаңартты. Бүкіл әлемде демократияның кең таралуына мүмкнідік жасап отыр. Бұл тек бастамасы ғана.

Бүгінгі мереке – біздің мереке. Оның үстіне ойланатын, талқылайтын, әркет ететін мезгіл. Интернет пен оны дамытуды басқару жөнінде тиянақты шешім қабылдау керек. Әлемдік тордың келешегін талқылауға біріміз қалмай атсалысуымыз қажет. Қалған 60% адам интернетке тез қол жеткізеді дей аламыз ба? Веб тек қатты таралғандарға ғана пайдалы, ал ол барлық тіл мен мәдениетке сай келеді дей аламыз ба? 

Интернеттің келешекте ашық стандарттармен жұмыс жасауы жөнінде келісе аламыз ба? Тордағы қарым-қатынасты шектейміз бе, екшеуді басқаларға береміз бе, әлде ашық тордың сөйлестіретін, ашатын, жасайтын сыйқырын сақтаймыз ба? Торда жалпы жұртты бақылайтын, аңдитын арнаулы топтарға қарсы қарсылықтар мен шектеулер жүйесін қалай құрамыз? Менің басымда қазір осындай сұрақтар бар. Ал сіз не ойлап жүрсіз?   

Бернерс-Лидің IT-индустриясына және жалпы әлемге ықпалы өлшеусіз. Алайда ол өз жобалары мен ойлап тапқан дүниелерінен орасан зор ақша табуға талпынбаған. Ол кезекті Гейтс, Цукерберг, Джобс болуға ынталы емес еді. Ол өзімен-өзі боп қалды.



Естен Ербол  

Бағдарламашы

39a923a807cd8dfac8bfcd867963ebf99c3be2fd_2400x1800.jpg

65603711_1287690927_I42PROFILleef18_640.jpg

218546249.jpg

I-42-PROFIL-lee-f17_640.jpg

новин.jpg

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Алғашқы интернет пен сайт жүйесін жасаған кім?