Түркістанда Қазақстанда жоқ, ерекше коттедждер салынады

20-Logelis-72-pourcent-Francais-comptent-sur-artisans-pour-etre-bons-conseillers-projet-immobilier.jpg

Түркістанда Қазақстанда жоқ ерекше коттеждер салынады. Олар  «ақылды үйлердің» қатарына жатқызылады. Ерекше коттедждердің ақылдылығы сол, үйдегі электр қуатын үнемдеп, пайдаланушыны, мейлінше, артық шығынға ұшыратпайды. Мұндай баспаналардың бағасы да онша қымбат бомайды. 

  Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев француздық Logelis GROUPE құрылыс компаниясының жетекшілігімен кездесту барысында осындай үйлерді Түркістан қаласында салу туралы мәселе талқыланды. Инвесторлар "смарт" үйлерді шаһардағы индустриалды аймақтан жер алып, сонда құрастырып, жасауды жоспарлап отыр. Жылына 1 мың үйге дейін жасап, салып беруге даяр компанияның бұл жобасы республикадағы ешбір аймақта, әзірге, жүзеге аспаған. Шетелдік инвесторлардың ұсынысындағы бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарға қаныққан өңір басшысы пилоттық жоба ретінде Түркістанда 50 үйді салуға болатынын жеткізіп, өңір үшін тиімді тұстарын зерделеуді тапсырды.

Бақытжан Әбдірашұлы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер