Денсаулық сақтау министрлігі химиялық кастрацияға алғашқы өтінімді қабылдады

3583680.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан еркектерін саналы түрде химиялық кастрация жолымен мәжбүрлеп белсіз ететін бірінші өтінімді қабылдады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева мәлімдеді деп хабарлайды Rgmedia ақпараттық порталы Информбюроға сілтеме жасап.  

– 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрацияны қолдану ережелері туралы бұйрығы күшіне енді. Бұл шара сот шешімінің негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Аталған мақсаттарға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған. Бүгінге дейін химиялық кастрацияға бір өтінім келіп түсті, – деді ол.

Вице-министр өтінім түскен аймақты нақтылап атаудан бас тартты. Дегенмен, ол егер өтінім бар болса, кастрация жүргізілетінін атап өтті.

– Сот шешімі бар. Содан кейін медициналық консультативтік комиссия, сосын психиатриялық комиссия отырыстары өтіп, сосын барып бұл процедура рәсімделеді. Дегенмен, химиялық кастрацияны орындауға сот шешімі негіз болып табылады, – деп түсіндірді Ләззат Мейрашқызы.

Мемлекет аталған мақсаттарға арналған 2 мыңнан астам инъекцияға қаржы бөлді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер