Кәсіподақ мамандарының көмегімен жалақы қарыздары жойылуда

Көрлімі: 106

22.jpg    

Статистикалық мәліметтер бойынша  Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша  13702  кәсіпорындардың 5725-інде ұжымдық шарт жасалған , ал 7977 мекемеде  жұмыс беруші мен жұмысшының арасында ешқандай келісімшарт жасалмаған. Бұл туралы «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов брифинг барысында мәлімдеді.

     Төрағаның айтуы бойынша кәсіподақтардың белсенділігінің арқасында 1836 мекемелерде ұжымдық шарт жасалыпты.  Бұл кәсіподақтар барлық жасалған ұжымдық шарттардың 32% үлесін құрап отыр.Оның ішінде, кәсіподақтармен есепті мерзім ішінде 271-і қайта түзілген, 140-ы мерзімі ұзартылған, ал 1751-і өткен жылы түзілген және өз күшіндегі ұжымдық шарттар.

    Биылғы жылы бірлестіктің жұмысының арқасында мекемелер арасында 1288 еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелерін бұзушылық анықталған. Олардың 410-ы еңбек қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз етуге қатысты болса, 261-і еңбек қауіпсіздігі Ережесін және нұсқамаларын бұзған, 434-і арнайы киіммен және жеке қорғаныс киімімен қамтамасыз етпеген, сондай-ақ, 183 еңбек қауіпсіздігі бойынша басқа да бұзушылықтары берілген.

Анықталған кемшіліктерді 958 ескертулері түзетілді. Қалған ескертпелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, 2018 жылы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда 101 өндірістік жазатайым оқиғалар орын алып, оның салдарынан 122 жұмыскер зардап шеккен, оның ішінде, өкінішке орай 22-і қайтыс болған, 51-і ауыр жарақат алған, ал 49-ы жеңіл жарақаттанған.  

   Брифинг барысында кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы бүгінде жалақы қарызы мәселесі өзекті болып тұрғанын жеткізді. «Шымкент қаласы бойынша жалақы қарыздарды жою жөнінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімдігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты өңірлік  комиссияның атқарған жұмыстарының нәтижесінде 4 мекеме  қарыздарын жапты, 2 мекеме банкрот  деп танылды. Бүгінге 6 мекемеде 910 жұмыскердің алдында 143,4 млн. теңге жалақы қарызы қалып отыр. Шымкент қаласында 10 мекеменің 1294 жұмыскерге 192 млн. 892 мың теңге жалақы қарызы болған. Қалғаны 6 мекеме 910 жұмыскердің алдында 143,4 млн. теңге жалақы қарызы қалып отыр. Атап айтқанда «Компания ZALI (ЗАЛИ)» ЖШС-і 722 жұмыскерге 92,3 млн. теңге қарыз. 2.«KAZMEDPRIBOR HOLDING» ЖШС-і 132 жұмыскерге 26,7 млн.теңге қарыз. 3. «Өркен» ЖШС-і 9 жұмыскерге 10,6 млн. теңге қарыз. 4.«ШымкентГазМонтаж ҚМБ» АҚ 11 жұмыскерге 4,1 млн. теңге қарыз. 5.ЖК «Ермекова Р.У.» 27 жұмыскерге 6,064 млн. теңге қарыз. 6. «Са-Фари» ЖШС 9 жұмыскерге 3,66 млн. теңге қарыз»,- дейді төраға. Жұмыскерлерге берешегі бар мекемелердің атын атап, түсін түстеген Бекжанов мұндай кәсіпорындардың Түркістан облысында да бар екенін айтты. Мәселен Түркістан облысы бойынша 2 мекеме қарызын жауып, 2 мекемедегі 73 жұмыскердің алдында 43 млн.735 мың теңге жалақы қарызы қалып отыр екен. Түркістан облысында 4 кәсіпорын мен ұйымдарда 82 жұмыскерге 126 млн. 667 мың 758 теңге жалақы қарызы болған. Жалпы 2 мекеме 73 жұмыскердің алдында 43 млн. 735 мың теңге жалақы қарызы қалып отыр. Мәселен Сайрам ауданындағы «STARTUS-OIL» ЖШС-і 67 жұмыскерге 42 млн. 935 мың теңге қарыз. 2. Арыс қаласындағы «СпецАтомСервис» ЖШС-і 6 жұмыскерге 800 мың теңге қарыз.

    Айта кетейік, Түркістан облысының және Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы 17 салалық кәсіподақтарды біріктіріп, 2052 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 217 мыңнан астам кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Кәсіподақ мамандарының көмегімен жалақы қарыздары жойылуда