Сіз өз ісін жүргізіп отырған кәсіпкерсіз бе? Әлде бизнес бастауды ойлап жүрсіз бе? Немесе кәсіп жөнінде көкейіңізде жүрген сұрақтарға жауап алғыңыз келе ме? Онда Түркістан облысы әкімдігінің жаңа бастамасы - "Адал кәсіп - адал нәсіп" бағдарламасы аясында өтетін Ашық есік күніне шақырамыз.
Алғашқы Ашық есік күні Түркістан қаласында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен "Версальда" сағат 10:00-де өтеді.