Алматы үйлерінде дабыл құрылғылары орнатылып жатыр

Көрлімі: 33

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектордағы сектордағы 136 үйде көмірқышқыл газын анықтайтын дабыл құрылғыларын орнатты. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

20190210115915.jpg

ТЖД мәліметінше, жылу маусымы басталғаннан бері «Әрбір үйдің қауіпсіздігі» акциясының аясында қала құтқарушылары аз қамтылған отбасылар мен қариялар паналаған пеш жағатын үйлерде көмірқышқыл газын анықтап, дабыл беретін құрылғыларды орнатты. Улы заттардың шекті концентрациясы мөлшерден асып  кеткенде дабыл іске қосылып, тұрғындарды қауіпті жағдай туралы белгі береді. Бүгінде осындай құрылғылар қаладағы 136 үйде орнатылған.

20190210115940.jpg

9 ақпанда Алматы гарнизонының жеке құрамы жергілікті полиция қызметі, аудан әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және ҚР Қызыл Жарты ай қоғамының еріктілерімен бірлесіп 8 мың 364 үйді тексеріп, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы 10 мыңнан астам жадынама таратқан. 

«Департамент жекеменшік тұрғын секторында орналасқан 145 мыңнан астам тұрғын үйді есепке алды. Жылу маусымының басталуына дейін бір ай уақыт қалғанда, департаменттік жеке құрамы барлық үйлерді аралап шықты. Жазатайым оқиа болған 20 мыңнан астам үйлер бірнеше рет тексерілді. Үй иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар беріліп, сондай-ақ 8395 адамды қамтыған 486 жиналыс өткізілді» делінген таратылған мәліметте.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Алматы үйлерінде дабыл құрылғылары орнатылып жатыр