Ордабасы ауруханасының қызметін оң бағалады


9cba7a64-b0bc-49d4-a0bb-00414e18c813.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов бас дәрігер Бақытжат Мырзагелдиев басқаратын Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жұмысын жоғары бағалады.

Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевпен бірге алдымен аурухананың тіркеу бөлімін аралап көрді. ҚАЖК бағдарламасы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен, анықтама қызметінің жұмысымен танысты.

30184706-34fd-41c5-880a-57e852a10a70.jpg

Сонымен қатар, Ауруларды басқару бағдарламасы орталығының жұмысымен, амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттарға жіберу жөніндегі дәріханамен, профилактикалық-скринингтік кабинеттің, әйелдер және ерлер қарау кабинеттерінің жұмысымен танысып, жалпы тәжірибе дәрігерінің қабылдауында болды.

Сосын Ордабасы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізіп, алдағы даму жоспарлары, сондай-ақ осы ұжымның жалақысы төмен мамандарына еңбекақы төлеу туралы мәселелерді талқылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер