Шөкеев Түркістанның көркейгенін қала тұрғындарының өз көздерімен көргенін қалайды

75f02509-29a4-458b-b384-ee5bfcaca999.JPG

Түркістан қаласының салынып жатқан жаңа бөлігімен қатар ескі бөлігін де дамытуды ұмытпауымыз керек. Осылай деген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық мәслихаттың кезекті XXXVII сессиясында алдағы уақыттағы атқаратын жоспарларын жариялап, өңірде жүзеге асатын тың жобаларды таныстырды. Нақты міндеттерін атап өтті.

– Біздің алдымызда  қаладағы әкімшілік-іскерлік орталығы және рухани-мәдени нысандардың құрылысын уақтылы әрі сапалы жүргізу міндеті тұр. Жалпы облыс орталығында 89 нысанның құрылыс жұмыстары жүреді. Біз қаланың ескі бөлігін дамыту мәселесін де ұмытпауымыз керек. Түркістанның ескі шағынаудандарының инфрақұрылымын дамыту, су және газ, кәріз жүйелеріне жөндеу жұмыстары қажет. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қаласындағы үлкен 5 көше күрделі жөндеуді талап етеді. Ал 27 көшеге орта жөндеу керек. Жалпы, 62 шақырым жол реттеледі. Сонымен бірге, орталық көшелердің жан-жағын абаттандыру жоспарымыз бар. Шамамен 42 шақырым көшеге жарықтандыру, тротуар салу жұмыстары жүргізіледі. Биыл жазда көшелердің, қаланың көркейгенін тұрғындар өз көзімен көруі қажет, – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Еске сала кетейік, бүгін Түркістан қаласында өткен алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті XXXVII сессиясында 28 мәселе қаралды. Оның ішінде Түркістан облысының басқару схемасын бекіту, облыстағы 24 басқарманы қайта құру, облыс бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру, табыстың өсуінің жаңа резервтерін анықтау және облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелері талқыға салынды.

c83bbec8-31e1-428f-89e9-71cbc8cf07fc.jpg

Облыстық басқармалардың және ұйымдардың басшылары баяндама жасап, депутаттар ұсыныстарын жеткізген сессия соңында өңірдің үздік сала мамандары Түркістан облысының Құрмет грамотасымен және Түркістан облыстық мәслихатының грамотасымен марапатталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер