Білім басқармасы жойылып, тілдерді дамыту керек болмай қалды

67e74c64-5d81-483b-8190-c0cb4e51df39.jpg

Кеше, 2019 жылдың 5 сәуірінде Түркістан қаласында өткен облыстық мәслихаттың кезекті XXXVII сессиясында депутаттар өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысының басқару схемасы туралы ұсынымын бір ауыздан мақұлдады. Қарсы, қалыс қалған ешкім жоқ. Солай білім бір-ақ сәтте жойылды. Сонымен бірге тілдерді дамыту да керек болмай қалды.

Бұдан былай Түркістан облысының экононмика және бюджеттік жоспарлау басқармасы – Түркістан облысының статегия және экономикалық даму басқармасы, Түркістан облысының облысының қаржы басқармасы – Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы, Түркістан облысының білім басқармасы – Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы – Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы, Түркістан облысының еңбек испекциясы бойынша басқармасы – Түркістан облысының еңбек испекциясы жөніндегі басқармасы, Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы – Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы, Түркістан облысының турихм және сыртқы байланыстар басқармасы – Түркістан облысының туризм басқармасы болып аталады. 

Түркістан облысының ішкі саясат басқармасы, Түркістан облысының дін істері басқармасы және Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасы біріктіріліп, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы болып қайта құрылды.

Ал, Түркістан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму басқармасы екіге бөлініп, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы құрылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
  • Наурызда азық-түліктің әлемдік бағасы біршама өсті — Ұлттық банк
  • Су тасқыны: 85 мыңға жуық адам эвакуацияланды
  • Салтанаттың өлімінде өз кінәм бар екенін мойындаймын, ұрып-соққаным рас — Бишімбаев
  • Жамбыл облысында 200 адам қаржы пирамидасына алданған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер