Түркістанда үш басқарма біріктіріліп, бір басқарма екіге бөлінді

bb41f46a-fe38-4a48-8bca-60e4876011ef.jpg

Облыстық мәслихаттың кезекті XXXVII сессиясында депутаттар өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысының басқару схемасы туралы ұсынымын бір ауыздан мақұлдады. Қарсы, қалыс қалған ешкім жоқ. Солай үш басқарма біріктіріліп, бір басқарма екіге бөлінді.

Атап айтқанда, Түркістан облысының ішкі саясат басқармасы, Түркістан облысының дін істері басқармасы және Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасы біріктіріліп, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы болып қайта құрылды.

Ал, Түркістан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму басқармасы екіге бөлініп, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы құрылды.

Сонымен қатар, атауларына өзерістер енгізілген Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы – Түркістан облысының статегия және экономикалық даму басқармасы, Түркістан облысының облысының қаржы басқармасы – Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы, Түркістан облысының білім басқармасы – Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы – Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы, Түркістан облысының еңбек испекциясы бойынша басқармасы – Түркістан облысының еңбек испекциясы жөніндегі басқармасы, Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы – Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы, Түркістан облысының турихм және сыртқы байланыстар басқармасы – Түркістан облысының туризм басқармасы болып аталады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер