Асқар Мырзахметов жаңа орынбасарын тағайындады

Screenshot_1.jpg

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды. Өңір басшысы Асқар Мырзахметов жаңа орынбасарын бүгін облыс активімен өткен жиында таныстырды деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Біржан Сартбек. Бұл туралы ол фейсбуктегі парақшасында бөлісті.

«Бүгін Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұдан бұлай аталған қызметті Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы атқаратын болады. Жаңа орынбасарын облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыс активімен өткен жиында таныстырды. Өз сөзінде аймақ басшысы Сұлушаш Сәтбекқызының білігі мен тәжірибесі мол маман екенін айта келе бұл қызметті асқан жауапкершілікпен орындайтынына сенім білдірді. Айта кетейік, С.Құрманбекова облыстың білім, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту, дін істері салаларына жетекшілік ететін болады. Сұлушаш Құрманбекова қарапайым мектеп мұғалімдігінен бастап, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы қызметіне дейін сатылай өскен. Орынбасар қызметіне тағайындалғанға дейін С.Құрманбекова облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды» деп жазды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер