Астаналық жігіт Шымкенттің қыздары өте арам болатынын айтты

342.jpg

Астаналық жігіт Шымкентке іссапармен барып, оңтүстіктің қыздары туралы біраз шындықты жайып салды. Айтуынша, Шымкенттің "зың" қыздары да өзге аймақтардағы арулар сияқты ауқатты "ағашкалармен" көңіл көтеріп, темекі шегіп, шарап ішкенді ұнатады екен. Ер азаматтың айтуынша, шаһардың қыздары қазақы әрі биязы болатыны алып-қашпа әңгіме екен. Шынтуайтында шымкенттік арулар "қу әрі тым пысық" болатын көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды. 

Астаналық Ержан есімді жігіт оңтүстіктегі Шымкентке арнайы іссапармен барған көрінеді. Туғанынан Астанада өскен ол, шымқалаға алғаш рет аяқ бастым дейді. "Шымкентке іссапармен, жұмыс бабымен бардым. Астанадағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдағандықтан, тобымызда Шымкенттің жігіттері, достарым көп еді. Солар қарсы алып, аяғымды жерге тигізбей күтті. Қонақжайлылықтарына сөзім жоқ, келген қонақты керемет күтеді екен. Сосын басымыз бос, бойдақ болғандықтан, қыздармен танысасың деп болмай түнгі клубқа алып барды. Қызықтың бәрі сонда басталды",-дейді ер азамат.

Айтуынша, Ержанның Астанадан екенін білген қыздар, кеш бойы оның жанынан шықпай қойған көрінеді.

"Бізде оңтүстіктің қыздары керемет биязы, үйден шықпайды, қазақы дәстүрді ұстанады деген пікір қалыптасқан ғой. Соған қатысты айтарым: биязы түгі де жоқ. Басқа аймақтардың қыздары сияқты түнгі клубтарға барады, темекі шегеді, одан қалса шарап ішіп, өз-өздерін ұятқа қалдырады екен. Сосын, басқа жақтың жігіттеріне, әсіресе солтүстік, шығыс, Алматы мен Астананың азаматтары болса, соның айналасынан шықпай, басын айналдырып алуға тырысады екен. Өз басым дәл сондай жағдайдан өттім.

Ойлап қарасам, сонда Шымкенттің қыздарының өзі жергілікті ер-азматтарға тұрмысқа шыққылары келмейді екен. Айтпақшы өте пысық әрі қу болып келеді екен. Мен Шымкенттегі түнгі клуб мен дәмханаларға бірнеше рет бардым. Сонда өзінің әкесімен жасты қыздардың "ағашкалармен" бірге көңіл көтеріп отырғандығын неше рет көрдім.

Әрине, жамандағаным емес, бірақ, Шымкенттің қыздарына таң қалып келдім. Өздерінің дегеніне жету үшін, бәріне баратын сияқты. Оған қарағанда, біз жақтың қыздары аз да болса намысшыл ма деп қалдым. Иә, біздің өңірдің қыздары мінезі тік, суық болуы мүмкін, бірақ олай ұят пен намысты жинап қойып, жігіттерге жабыса кетпейді. Қазір бүкіл оңтүстік өңірі мұны оқып, мені жақтырмай қалатын шығар. Бірақ шындығы сол",-дейді азамат.

Ержанның айтуынша, енді ол тек жергілікті ақмолалық бойжеткенге үйленуге бел буыпты.

"Бұрын туған-туыстан оңтүстіктің қыздары үй шаруасына өте пысық келеді, үйленсең өкінбейсің дегенді көп еститінмін. Бірақ мынадай қыздарды көрдім, шыны керек, ондай ойдан айнып қалдым. Өзіміздің солтүстіктің, орталықтың қыздарына жетпейді, болашақ жарымды осы өңірлерден алсам ба деген ойым бар",-деп әңгімесіна аяқтады жігіт.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер