Сыбайлас жемқорлыққақарсы коалициясы құрылды

Көрлімі: 82

Screenshot_1.jpg

Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Төлеген Байғұловтың брифингтегі тезистері, 12.09.2018 ж.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық осы жылы өз жұмысын "Жемқолыққа қарсы фронт" жаңа жобасымен бастаған болатын. 

Ол азаматтық қоғамның күшін біріктіруге бағытталған. 

Жобаны арнайы "омбудсмендер", "өзгерістер елшілері" және "комиссарлар"жүзеге асырады деген мақсат болған еді.

Алға қойған мақсаттарға жетіп жатырмыз деп айтуға болады.

Қалай екенін толығырақ айтып өтейін.

БІРІНШІДЕН, жұмысты белсендіру және маңыздылығын арттыру үшін аталған жоба шеңберінде облыстарда AnticorrutionWeek  шараларын өткізуді қолға алдық.

Қазіргі уақытта аталған апталық Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс және Оңтүстік Қазақстаноблыстырында өтті.

Ол бізге не берді?

Алдымен "жасырын сатып алушы" әдісімен өзгерістер елшілері мен комиссарлар мемлекеттік қызметтерді 

көрсететін орталықтарда "делдардың" бар екендіктерін және ашық түрде заңсыз қызмет жасайтындықтарын анықтады. 

Көбінесе олар ақша үшін жүргізу кәуліктерін емтихансыз, оқусыз, керек категорияны алып беру, шетел азаматтарынтіркеу және оларға медициналық анықтамаларды алып беру секілді көмектерді көрсетіп отырған.

  Бұл бізге аталған салалаларда жемқорлық тәуекелдері бар екенін көрсетті.

Жалпы жасырын сатып алушы әдісімен 52 жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Комиссарлар делдалдық қызметтің сомаларын анықтады. Ол 70 мыңнан 120 мың теңгеге дейін жетеді.

Сондықтан әр апталықтың қорытындысы, сәйкес сұрақтармен қоғамдық тыңдаулар мен жиындарда талқыланды. 

Әр кездесуге аталмыш органдардың басшылары мен өкілетті орган өкілдері қатысты. 

Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындаанықталған мәселелерді шешу үшін облыс әкімінің өзі қатысып, тиісті басшыларға бірқатар тапсырма берген болатын.  

Қарағанды мен Жамбыл облысындаАгенттікпен бірігіп апталық қорытындысы көшпелі брифингте жарияланған ботатын. 

Айта кету керек, апталықтар шеңберінде көптеген мемлекеттік органдардың ғимараттарында Жемқорлыққа қарсы фронттың посттары орнатылды. 

Бүгінгі таңда 10 облыс орталықтары мен аудандарда             150 пост бар. 

Олар көбінесе Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық бөлімшелерінде, оның ішінде мемлекеттік кірістер басқармаларында, кеден бекеттерінде, экономикалық тергеу қызметтерінде.Сонымен қатар, барлық әлеуметтік қорғау департаменттерінде ашылды.

Жалпы қолға алынған профилактикалық жұмыстардың нәтижесі тұрмыстық коррупцияны 30-40% азайтуға мүмкіндік берді.

ЕКІНШІДЕН, Жемқорлыққа қарсы фронт жобасы шеңберінде түрлі салалардағы қоғамдық ұйымдардың  20 басшысы қосылған A20 - Сыбайлас жемқорлыққақарсы коалициясы құрылды.

Жалпы коалиция құрамына кәсіпкерлер, кәсіподақ, жастар, әйелдер, этномәдениұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарықосылды.  

Әлбетте, әр ұйымның өз мақсаты мен міндеттері бар. Бірақ коалицияның негізгі мақсаты жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мемлекеттік қызметтерді трансформациялау бойынша ұсыныстар енгізу, мемлекеттік аппарат пен қоғам арасында қарым-қатынасты жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында көршілес елдерге консультациялар арқылы тәжірибені енгізу.

Айта кету керек, аталған коалиция жақын арада Агенттікпен меморандум жасасады.

Брифингті пайдалана отырып, тағы бір маңызды ақпаратпен бөлісейін.

Кеше Қырғыстандағы танымал қоғам өкілі шекаралас мемлекеттердің арасында бизнес климатты жақсарту және жемқорлықты азайту үшін арнайы алаң құруды ұсынды.

Оның айтуынша осы алаң Қырғыстан, Қазақстан және Өзбекстан сынды елдердің басын қосуы мүмкін.

Өз сөзінде қоғам өкілі Қазақстанда кәсіпкерлерді қорғау және инвесторларды сүйемелдеу жұмысына ерекше назар аударып, зерделеуге қызығушылық білдіреді.

Осы ұсыныстың негізінде біздің ұйым әріптерімізбен бірге Түркітілдес мемлеккеттері кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабын құрамыз деп шештік.

Хабқа Түркия, Өзбекстан, Қырғыстан, Түрменстан, Әзірбайжан, Қазақстан кіретін болады.  

Аталған мемлекеттердің хаб құруының негізгі мақсаты әр елдің өз тәжірибесімен бөлісу.

Мысалы, 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің көрсеткіштері бойынша Түркия - 83 орында, Әзірбайжан мен Қазақстан - 122 орында, Қырғыстан -135, Өзбекстан - 157, Түрменстан - 167 орында.  

Қазақстанның да айтары мен бөлісер тәжірибесі бар. Мысалы, мемлекеттік қызметтерді автоматизациялау; этика жөнінде уәкілдер институты, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, инвесторларды сүйемелдеу.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққақарсы коалициясы құрылды