Ішпен жатқан Аллаға не үшін ұнамсыз?

Көрлімі: 150

Screenshot_1.jpg

Ішпен жатып ұйықтау харам болып табылмаса да, Алла елшісі ішпен ұйықтауды ұнамсыз деп санаған екен. Ол тіпті, мешітте солай ұйықтап жатқан адамды оятып, Алла Тағала құлдарының мұндай істерін ұнатпайтынын айтыпты деп хабарлайды ihsan.kz.

Алла Елшісі ұйқыдағы дененің мұндай қалпын жағымсыз деп санап әрі оны "Аллаға ұнамсыз" деп сипаттаған.

Сондықтан ішпен жатып ұйықтау харам немесе күнә болып табылмаса да, бұл әдепке қайшы келеді әрі сүннетті ұстанудан алатын сауаптан құр алақан қалдырады екен.

Басылымда құбыла жаққа аяқты созып жату мәселесінде туралы да айтылған. Онда мұсылман күніне бес уақыт оқитын намаз кезінде жүздерін Құбылаға қарататыны, сол себепті де әрбір мүмін Құбылаға аса құрметпен қарауы тиіс екені жазылыпты.

Сонымен ұйқы кезінде немесе жай демалып жатқанда болсын, Құбылаға қаратып аяқ созып жату мәкрүһ болып саналады, өйткені Ислам әдебіне қайшы келеді.

Әсіресе, ұйқы кезінде аяқты Құбыла жаққа қарай созбауға тырысу керек. Алайда егер төсекті басқаша қоюға келмей, аяқ еріксіз Құбыла жаққа қарайтын болса, онда ол мәкрүһ болып саналмайды.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Ішпен жатқан Аллаға не үшін ұнамсыз?