Халыққа аспаннан ақша жаудырған миллионер сотталды (видео)

Screenshot_1.jpg

Қытайдың Гонконг қаласында кедей аудандардың бірінде аспаннан ақша жаудырған миллионер Вонг Чин Китті полиция тұтқындады. Бұл туралы NEW ZERO TV арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Криптоинвестор қаланың Самсейпоу кедей ауданындағы биік ғимараттың төбесінен ақша шашқан. 

Осы қадамға бармас бұрын миллионер көшедегі адамдардан "Аспаннан ақша жауады дегенге сенесіңдер ме?" деп сұраған екен.

Сосын 24 жастағы кәсіпкер ғимараттың төбесіне көтеріліп, ақша шашқан. Төмендегі жұрт ақшаны жинап, риза болған. Алайда Вонг Чин Китті полиция тұтқындаған. Кәсіпкерге "қоғамдық тәртіпті бұзды" деген айып тағылуда. Бұл әрекеті үшін ол бір жылға дейін бас бостандығынан айырылып, қомақты көлемдегі айыппұл төлеуі мүмкін.Ер адам осылайша өз бизнесін жарнамаламақ болған көрінеді.

Шашқан ақшаның жалпы сомасы әзірге белгісіз. Полицейлер 80 мың АҚШ долларына жуық ақшаны жинап үлгерген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер