Әншілер өздерінің өте аз екенін айтып, салық төлегілері келмейтінін жеткізді

Көрлімі: 5042

Screenshot_1.jpg

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары салық төлеу мәселесіне қатысты өз пікірлерін білдіріп сынға қалды. Артық ақша төлеуден қашатын әншілер өздерінің онсыз да аз екендерін айтып ақталды деп жазады qaz.stars Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әншілердің салық төлеуіне қатысты көтерілген мәселе отандық шоу-бизнес қаймақтарының көңілінен шыға қоймаған көрінеді. Олар қоғамда қызу талқыға ие болған бұл оқиғаға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

"Осыларға салық төлеттіру керек, әбден құтырып кетті деп жатады. Әншілердің сыртынан айтылатын сындар жетіп артылады. Бірақ мен оларды орынсыз деп есептеймін. Мен білетін өнер иелерінің көбісі біреулерге көмектесіп жатады. Қайырымдылық жасағанын жария қылмайды ғой", - деп салыққа өз наразылығын Абай Бегей білдірді.

Салық мәселесіне Роза Әлқожа да өз наразылығын жеткізді. Оның айтуынша, қоғамның бар назары әншілерге ауып кеткендіктен, бұл жағдай ел арасында қызу талқыланып кеткен. Оған қоса, әнші шоу-бизнес өкілдерін сынау көпшіліктің әдеті болып қалғанын да айтты.

Абай Бегей жұлдыздардың салықтан не себепті қашатыны туралы қойылған сұраққа, онсыз да саны аз әншілерге тиіспеуін өтінді.

"Әншілерге салық төлеу жөнінде тиісу орынсыз әрі дұрыс емес деп ойлаймын. Былай қарап отырсаңыз, әншілердің саны онсыз да тым аз. Алдында бір отырып санағанымызда санымыз 30-дан аспайтынын аңғардық. Онсыз аз-ақ әншіге тиіспеуге болады ғой", - деп ақталды әнші.

Алайда, желі қолданушылар отандық жұлдыздардың бұл мәлімдемелеріне мүлде келіспейді. Оқырмандар әншілердің қарапайым халық іспетті салық төлеуі тиіс екенін айтып жазуда.

Осы жұлдыздарымыз ненің құрметіне налог төлеуден қашады. Елдің қошеметіне бөленіп, бәрін тегін алғанға әбден үйреніп алған. Абай Бегей мырза, бұл жерде несіне ақталып тұрсыз?! "

"Біз де адамбыз деп, адам болғаннан кейін сіздегі проблема бәрінің басында бар. Онда бәрімізде налог төлемей-ақ қояйық. Қарапайым xалық орта есеппен 1 айда 100 мың теңге алса, сіздердікін айтпай-ақ қояйық."