Америкалық ғалымдар адамның жаны өлген соң қайда баратынын айтты

Көрлімі: 9267

0d28ae7f.jpg

Америкалық ғалымдар "өлгеннен кейін өмір жалғасады ма" деген сұрақтың жауабын іздеп, өз тұжырымын ұсынды. Олардың айтуынша, адамдардың рухы мәңгі жасайды. Бұл туралы NUR.KZ порталы planetanovosti.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеуші топтың басшысы Роберт Ланцтың айтуынша, қайтыс болған адамдардың жаны тек аздаған уақытқа ғана басқа әлемге кетеді екен. 

Ол адамдар физикалық түрде ғана өледі, ал олардың рухы мәңгі жасайды дегенді айтады. Белгілі бір уақыттан соң адамның жаны қайтадан өмірге келетін көрінеді.

Ғалымдар Ланцтың биоцентризмге негізделген концепциясын дәлелдеуге барынша күш салуда.

Айта кетейік, әзірге ғалымдар о дүниедегі өмір туралы ешқандай дәлел көрсете алмай отыр.

Бірақ ауқымды зерттеу жұмысы басталып кетті. Роберт Ланц кезекті теориясын жақында дәлелдеп шығатынын айтты.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Америкалық ғалымдар адамның жаны өлген соң қайда баратынын айтты