Түсіпбаева тепсе темірді үзетін келін түсіргісі келетін айтты

Көрлімі: 308

Screenshot_2.jpg

Өзге әншілердің балаларымен салыстырғанда, Меруерт Түсіпбаеваның ұлы сахнаға да, танымалдылыққа да ұмтылмайды. 17 жастағы Нұрғиса анасынан үнемі өзін көпшілікке көрсетпеуді сұрайды екен. Қазақ-түрік лицейінде білім алатын жас жігіттің мінезі де тым бөлек екен.

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бағым ба, сорым ба білмеймін, менің балам “мені көрсетпеші, инстаграмға салмашы, менің сөйлегім келмейді” дейді. Мен қатты таңғаламын, танымал болғысы келетін туыстарым көп. Бірақ неге екені белгісіз, балам Instagram-ның өзін жай ғана ашып қойып, оның нәтижелі болуы үшін ешқандай жұмыс істемейді”, – дейді Түсіпбаева.

Әнші ұлы Нұрғисаны жалғыз тәрбиелеп өсіргендіктен, одан көп үміт кетеді. Болашақта ұрпақ көбейтер келін келсе деп те армандайды.

“Балам биыл 17-ге толды. Менің соңымнан қалатын жалғыз ізім. Менің әндерім де, сәндерім де қалмайды. Маған “плодовитый” келін берсе деп армандаймын, қазақтың “мощный” қыздары болады ғой тепсе темір үзетін, үзілген қыз болмаса екен. 5 бала тапса, өзім уатамын”, – деген Меруерт болашақта керемет ене болатынын да айтып мақтанды. Оның себебін әнші былай түсіндірді:

“Жағымпаз” ене боламын, олармен бірге тұрмаймын. Баламның мінезі өте ауыр. Сондықтан оған анау-мынау қыздар ұнайды деп ойламаймын. Өзі дінге жақын, қазақ-түрік лицейінде білім алып жатыр, биыл ораза да ұстады. Сол үшін ашық-шашық киінетін қыз болмауы керек”

Бұдан өзге, Түсіпбаева шетелде жүргенде басынан өткен қызықты оқиғасымен де бөлісті.

“Бір күні Хайнанға барып, қысқа көйлек киіп алсам, балам: “Мынаның астында шалбары жоқ па?” – деді. Басқа кезде жабық, ұзын киемін, оның бәрі баламның талабы. Жағажайда жүруге болатын шығар?! Осылай жүрсем бола ма, деп рұқсат сұрадым. Қытайлар мені танымайды ғой”, – деп күлді әнші.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Түсіпбаева тепсе темірді үзетін келін түсіргісі келетін айтты