Айгүл Иманбаеваның ұлы анасының екінші рет тұрмысқа шығатынына қарсы еместігін айтты

Көрлімі: 3764

11246734_909715175738228_158146371_n.jpg

"Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан Әбдімүтәлиев анасының жеке өміріне араласпайтынын айтты. Ол анасы 40 жасқа толғанын, өмірден жиған тәжірибесі көп екенін алға тартты:

- Анамның жеке өміріне араласпаймын. Мен ойлаймын, жасы енді 40-қа келді. Өмірлік тәжірибесі бар. Адам тани біледі. Ұрылды, соғылды. Мен ол жерде тұрып: "сенің мына әрекетің дұрыс емес" деп айта алмаймын. Себебі, оның өмірлік тәжірибесі маған қарағанда көбірек. Сондықтан да өзі шешім қабылдай алады деп ойлаймын. Анамның жеке өміріне әжем араласар, - деп жауап берді. Ал, Айгүл Иманбаева ұлының сөзін қолдайтынын айтты:

- Бәрібір айналып келгенде ананың айтқаны дұрыс болады ғой. Мен анамды тыңдаймын. Ол кісі әлі күнге дейін менің өміріме араласады, - деп жауап берді.