Анасы ұлы Бекзат Саттарханов жайлы осы уақытқа дейін айтпай келген шындықты айтты

Көрлімі: 5131

5ac3069e0372b.jpg

Еліміздегі танымал бағдарламаға келген ел мақтанышы Бекзат Саттархановтың анасы жан сырымен бөлісті. Сырлыгүл Шойбекова биыл тірі болғанда 39 жасқа толатын кенже ұлы жайлы естеліктерін мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Сырлыгүл ханымның айтуынша, дәрігерлер Бекзатты босануға рұқсат бермепті.

"Бекзатты босануға мүлдем рұқсат бермеді. Ұлдарым Мақсат пен Бекзаттың арасы үш жас. Үйдегі көкеміз "бала жетеді" деп 4 айлық баламды ойбайлатып алдырып тастаған еді. Бекзатты көтергенімді ол кісіге де айтпай, қашып жүрдім. Айтуға қорықтым, ол кісі де есепке тұрғаннан кейін білді. "Саған бала керек пе, жан керек пе" деп ашуланды. Дәрігерлерге де "бәріне өзім жауап беремін" деп айттым. Қыз баланы босанып алайын деп ойлап жүргенмін, ақыры Бекзатым дүниеге келді", — Сырлыгүл Шойбекова өткенін еске алып.

Айта кетейік, Бекзат Саттарханов өзінен кейін дүниеге келген екі қарындасының есімін өзі қойып кеткен екен.