Ләйлә Сұлтанқызы Алтынай Жорабаевадан кешірім сұрамайтынын айтты

Көрлімі: 2703

Screenshot_1.jpg

Фотоколлаж: NUR.KZ

Осыдан біраз уақыт бұрын Ләйлә Сұлтанқызы Алтынай Жорабаеваны бағдарламасына қонаққа шақырып, ренжітіп алған болатын. Отбасына қатысты сұрақты ұнатпаған әнші эфир басталар шақта бағдарламаға қатысудан бас тартып, желіде жазба қалдырады. Осы орайда тележүргізуші өткен оқиғаның мән-жайын айтты деп жазады "Nazar" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ләйла Сұлтанқыз осы тақырыпты қозғап, мән-жайды айтпағандықтан өзін көпшіліктің түсінбей қалғанын айтады. 

"Мен негізі өз басым Алтынайды сыйлаймын. Оны алып қашқанда жанында болған адаммын. Әр редакцияда, арнада "анонс" деген бөлім болады. Бірақ ол араға тележүргізуші араласпауы мүмкін. Продюсер сол бағдарламың қаралым жинағанын қалайды. Мен сол анонсты өзім көргенде таңғалдым.

"Ой" дегенімше болмады, Алтынай кетіп қалды. Мен содан кейін Алтынайға 2-3 рет хабарластым. Көрген жерде амандасамыз. Бірақ мен Алтынайдан кешірім сұрауға міндетті емеспін. Мен көңілге қараймын", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Алтынай Жорабаева Ләйла Сұлтанқызының намысына тигенде өзінің жылап жібергенін айтқан болатын.

Ал тележүргізуші қандай жағдай болғанына қарамастан, әншіге деген құрметінің төмендемейтінін айтты.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Ләйлә Сұлтанқызы Алтынай Жорабаевадан кешірім сұрамайтынын айтты