Айгүл Мүкей алғаш рет өзінің екінші күйеуі жайлы айтты

Көрлімі: 617

Screenshot_11.jpg

Елімізге танымал тележүргізушілердің бірі Айгүл Мүкей "Хабар" арнасының "Одна история" бағдарламасына берген сұхбатында ұлының әкесі мен сәтсіз некесі туралы айтты. Сонымен бірге, ол қазіргі таңда екінші рет тұрмысқа шыққанын жасырмады деп жазады NUR.KZ.

Жеке өмірі туралы тіс жармайтын Айгүл Мүкейдің жасы қырыққа таяған шағында ұлды болғаны ел есінде. Алайда оның ұлының әкесімен дәм-тұзы жараспай, екінші рет шаңырақ құрғанын біреу білсе, біреу білмейді.

Бағдарлама барысында ағынан жарылған журналист қазіргі таңда жарымен және отбасымен бірге Астананың қақ ортасында зәулім пәтерде өмір сүруде.

Айгүл Мүкейдің айтуынша, ол осыдан бір жыл бұрын екінші мәрте тұрмысқа шығыпты. Араға бірнеше ай салып, көптен күткен қызы Хабиба дүниеге келген.

Дегенмен, тележүргізуші күйеуінің кім екенін нақты айтпады.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Айгүл Мүкей алғаш рет өзінің екінші күйеуі жайлы айтты