Ерке Есмахан шымкенттік жігіттерге не үшін ренжігенін айтты

Көрлімі: 1309

Screenshot_1.jpg

Ерке Есмахан “Махаббат кафесі” кинофильмінің тұсаукесерін өткізу үшін әріптестерімен бірге Шымкент шаһарына келді. Кинокартина көрерменге жол тартып үлгерді. Ал Еркенің шымкенттіктермен кездесуі қызықты оқиғаға ұласты.

Бұл туралы “Отырар” арнасы хабарлайды.

Кездесу кезінде шымкенттік жігіттердің бірі Еркеге қызықты сұрақ қойды. Ол Есмаханға Шымкентке келін болып қалуды ұсынды.

“Ерке, қазір залдан шыққан соң, басыңызға орамал жауып, ауылға алып кетсе, келісесіз бе? Осында қаласыз ба?” – деп сауал жолдады шымкенттік жігіт.

Ерке ұзақ ойланбастан көрерменіне жауап берді.

“Сіздер алып қашамын деп уәде бересіздер. Бірақ алып қашып жатқан жоқ. Ал мен болсам Шымкентке қайта-қайта келемін”, – деп әзілдеді Ерке.

Шымкенттіктер нағыз оңтүстіктің салтына сай, Еркені сән-салтанатпен күтіп алды. Олар Еркеге гүл шоқтары мен тәттілерін ұсынды. Кездесу барысында кішкентай қыз сахнаға шығып, Еркеден бата сұрады. Сондай-ақ, Ерке көрермендермен бірге әйгілі “Қайда” хитін шырқады.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Ерке Есмахан шымкенттік жігіттерге не үшін ренжігенін айтты