Белгілі спортшының тойында Тамара Асарға уыстап ақша шашты (видео)

Көрлімі: 1851

Screenshot_3.jpg

Дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы Айбек Имашевтің шаңырақ көтеру тойында ән шырқаған Тамара Асарға қуаныш иелері ақша шашқан. Жерге шашылған көк қағаздарға тойға келген қонақтар таласып қалды деп жазады NUR.KZ.

Белгілі спортшының тойында түсірілген видео Instagram желісінде таралып кеткен.

Кадрда Тамара Асардың ортаға шыққан екі жастың жанына барып, ән айтып тұрғаны көрінеді.

Сол сәтте белгісіз бір адам көк қағаздарды уыстап шаша бастайды. Ал олардың қасында билеп жүрген той қонақтары ақшаға таласып қалған.

Айта кетейік, бұл видеоны көрген желі қолданушылары аспаннан ақша жауған үйлену тойына қызықса, енді біреулері көк қағазды аямай шашқан той иелері мен ақшаға таласқан қонақтарды сынға алды.

Видео мына сілтемеде: https://www.instagram.com/p/BqYzLGbnRqC/

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Белгілі спортшының тойында Тамара Асарға уыстап ақша шашты (видео)