Ерболат Беделхан "Найнти Уан" тобы туралы бүкіл шындықты айтты

Көрлімі: 297

Screenshot_9.jpg

Бүгін, 6 желтоқсан күні Астанада өтіп жатқан қазақ тілді сайттардың ІІІ форумына белгілі əнші, атышулы "91" тобының продюсері Ерболат Беделхан да қатысты. Жиын барысында ол "91" тобы жайлы бар шындықты айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Продюсер көпшілікті "91" тобының сырт келбетіне мəн бермеуге шақырды.

Айтуынша, аталмыш топ арқылы продюсер жастарға қазақ тіліндегі өз туындыларымызды дəріптеуді көздеген екен.

"Көше, бизнес тілін қазақ тілінде дəріптеу өте қиын ғой? Яғни, жастардың ана тіліне деген қызығушылығын қалай арттыру керек? Ол өздері тыңдайтын музыка, ырғақ арқылы қазақ тілін дəріптеу", - деді продюсер.

Ал, форум модераторының "91" тобының сырт келбеті уақыт өте келе өзгере ме?" деген сауалына əнші ойланбастан "əрине" деп жауап берді


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Ерболат Беделхан "Найнти Уан" тобы туралы бүкіл шындықты айтты