Ұлықпан Жолдасов: Бір концерт үшін кемі 20 миллион ақша керек

Screenshot_11.jpg

Өзінің қарапайым ауылдан шыққанын айтып, «халқым» деп сөйлейтін әншілер тойға келгенде сол халқының түсіне кірмейтін ақшаны сұрайды. Қандай әншінің қатысқанына байланысты тойдың да «авторитеті» көтерілетіні белгілі. Сосын, жағдайы келмесе де өзгеден қалмау үшін беделділерін тойға шақырып, жылдар бойы несие төлейтіндер бар. Осы қаламақының соңғы жылдары неге көтеріліп кеткенін білгіміз келген. Сөйтсек, тойдан-тойға қатысып, уыстап ақша тапқанмен, кейбір әншілердің үйі жоқ екен. Атақты әншілер өнері үшін  халықтан неге көп ақша сұрайды? Бұл сұраққа сазгер Ұлықпан Жолдасов былай деп жауап берді:

– Біз 2008 жылы «Жарығым-ай» әнінің бейнебаянын 25 мың долларға түсірдік. Оны елге көрсету үшін телеарналардан айналдыруға 15 мың доллар бердік. 7,5 мың доллар костюм тіктіруге кетті.  Әсіресе қыз-келіншектер көп шығынданады. Елдің алдында жүрген соң сәнді киіну керек. Мысалы «Қазақстан» Ұлттық арнасына түскен киіммен «Хабарға» барса  жұрт жағдайы жоқ екен деп ойлауы мүмкін. Оған басқасын киіп барады. Әншілер «Барахолка» базарынан киінуге ұялып, бренд дүкендерден алады. Әртіс көшеде кетіп бара жатқандар сияқты киінсе ұят болады. Әнді 1000-2000 долларға сатып алып, 1000 долларға өңдейді. Даусын бір тұста бәсеңдетіп,  бір тұста күшейту үшін бас-аяғын жинақтауға тағы осынша қаржы береді. Ақын, сазгермен де бағасына келіседі. Тегін жатқан дүние жоқ. Сонда оған не қалады? Бала-шағасының қамы, жүріп тұруы, көлігінің майы бар дегендей. Жас әншілердің көпшілігі өзінше қоқиып мықты көліктер мініп жүргенмен баспаналары жоқ. Біразын білемін. Бір концертке қанша ақша кететінін білесіз бе? Республика сарайын бір кешке, бос залды жалға алуға 3,5- 4,5 млн теңге береді. Соңғы кезде 5-6 миллионға дейін бағасы көтерілгенін естиміз. Музыкалық құралдарды жалға алады. Сахнаны безендіруге, үлкейтіп көрсететін экранға, қысқасы тек сахнаның өзіне 10 млн. теңгеге шығынданады. Бишілері бар, жанды дауыста ән салу үшін музыканттарға 2 млн. теңге кетеді. Міне бір концерт үшін кемі 20 миллион ақша керек. Тойдан тойға шығып жинағаны концерт бергенде жоқ болады. Кейбіреулері қарызданып қалады. Жағдайлары нашар тұрады демеймін. Бірақ осынша шығынын білсе, көпшілік оларды ақшаға құныққан дей алмас еді. 

Жазып алған Динар БОРАНБЕКҚЫЗЫ, 

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының тұрғындары өз қаржыларына емхана мен мешіт салды
  • «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?
  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер