Алмас Сәдубаев: WhatsApp-та таралған бала ұрлығы туралы ақпарат жалған

Көрлімі: 101

2232749.jpg

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы «бала ұрланды» деген ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«WhatsApp-та балаларды ұрлауға қатысты тараған ақпарат шындыққа сәйкеспейді. Еліміздің аумағында балаларды ұрлауға қатысты қылмыс тіркелген жоқ. Көпе көрнеу жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» - деді Алмас Сәдубаев.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Алмас Сәдубаев: WhatsApp-та таралған бала ұрлығы туралы ақпарат жалған