Отырарлықтар Ұлттық домбыра күніне ерекше үн қосты

Көрлімі: 69

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Республикамызда тұңғыш рет шілденің алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып белгіленгені белнңлі. Осыған орай бүгін қазақтың жаны болып табылатын халықтық аспаптың құрметіне арналған айтулы мереке еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. 

image_750x_5b391c737e74f.jpg

«Домбыраның пернесінде ән ғажап, домбыраның шанағында зарлы азап. Қазақ болып қалды мәңгі домбыра, домбыра боп қалса екен-ау әр қазақ» - деп, отырарлық ақын Серік Сейітман жырлаған қасиетті домбыра күні киелі Отырар ауданында да ерекше салтанатпен аталып өтті. Табиғат аясында ұйымдастырылған мерекелік шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, барша отырарлықтарды айтулы күнмен құттықтады. «Ұлттық рухты көтеретін, сананы сілкіндіретін мұндай мереке бізге ауадай қажет. Домбыра - қазақ үшін тұтастай әлем, оның бүкіл өмірі. Халықта қазақтың жаны күмбірлеген домбыраның үнімен өмір сүреді деген сөз бар. Халқымыздың тарихымен тамырлас қасиетті домбыра күні мерекесі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық салт-дәстүріміз бен ұлттық болмысты сақтау секілді ұлы мұраттармен астасып жатыр. Адамдардың бәрінің бірдей музыкалық қабілеті бола бермейді. Ал қандай адам болсын музыканы сүйіп тыңдайды. Демек, музыка адамдардың рухани қорегі деуге болады. Қазіргі кезде домбыра - ұлттық тәрбие мен білімнің кілтіне айналып отыр. Ендеше осынау киелі үні бар, домбыра күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!»- деді, аудан басшысы Е.Айтаханов. Мұнан соң аудандық «Өнер» мектебінің өнерпаздары күмбірлеген күймен киелі домбыра үнін шарықтатса, мәдениет майталмандары халық әндерін нақышына келтіре орындап, шараға қатысушыларды ерекше серпілтті. Шара барысында Отырар әдебиеті және өнер бірлестігінің төрағасы Сағындық Қыдыр қоңыр үнді домбыраның арғы-бергі тарихы жайында келелі ой қозғап, қасиетті аспапты қадірлеген жастарға ақ батасын берді. 

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Отырарлықтар Ұлттық домбыра күніне ерекше үн қосты