Отырардағы қызметтік үйлер жас кадрларға арнап салынуда

IMG-20180712-WA0067.jpg

Отырар ауданында 12 пәтерлі 4 көпқабатты қызметтік үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Ғимарат ауданға шақырылған жас мамандарға арналған. 2017 жылы құрылысы басталған  2 тұрғын үй жоспар бойынша 2019 жылы аяқталып, пайдалануға берілмек. 

Отырар ауданы әкімінің басты назарға алған мақсаты ауданға білікті мамандарды тарту, сыртта жүрген тәжірибелі де,  жас мамандарды шақыру.Жас мамандарға жасалар жағдай, көрсетілер көмек тек тұрғын үймен қамту ғана емес,  Отырардың дамуына өзіндік үлес қосуға бейілді жастардың жұмысқа орналасуы мен әлеуметтік жағдайы да қадағалауға алынбақ.

Осы мақсат аясында облыс көлемінде тұңғыш рет Отырар ауданында «Алтын қор» резерві құрылып, білім бөлімінен жасақталған арнайы мамандар ауданда білім алған 

үздік  оқушылардың жоғары оқу орындарындағы білімі мен үлгерімін қадағалап,  олардан байланысты үзбей, сапалы кадр ретінде елге қызметін етуіне қолдау білдіруге жұмыс жасауда.

Соңғы жылдары аудан мектептеріндегі білім беру мәселесі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. 

Биыл «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерінің саны артып, талапкерлер ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен облыста алғашқы орынға ие болды.

Аталған ақпараттармен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаевтың Отырар ауданына жасаған сапары барысында айтылды.

Айта кетсек, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары жазғы демалыс мерзімінде еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылармен кездесу жұмыстарын жүргізетіні белгілі. Кездесудегі мақсат - жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық дамуын көзбен көру, 

пікірін тыңдау.

Осы орайда, Отырар ауданына Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев ат басын бұрып, ел жайымен кеңінен танысты. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жайында мағлұмат беріп, тың жоспарлар мен бірқатар нысандарды таныстырды.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер