Отырар ауданында "Алтын қор" резерві жұмыс жасауда

Көрлімі: 167

IMG-20180712-WA0047.jpg

Облыс көлемінде тұңғыш рет Отырар ауданында «Алтын қор» резерві құрылды.  Қордың мақсаты- ауданда білім алған 

үздік  оқушылардың жоғары оқу орындарындағы да  білімі мен үлгерімін қадағалау, олардан байланысты үзбей, сапалы кадр ретінде елге қызметін етуіне қолдау білдіру болып табылады.

Үш жылдан бері қарқынды жұмыс жасап келе жатқан арнайы топ болашақ мамандардың жоғары оқу орнын аяқтап болған соң ауылға келуге ынталы екендігін жеткізді. 

Айта кетсек, соңғы жылдары аудан мектептеріндегі білім беру мәселесі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. 

Биыл «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерінің саны артып, талапкерлер ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 90,9 пайыздық көрсеткішпен  облыста бірінші  орынға ие болды.

Сондай-ақ, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерін аудан басшысы жыл сайын дәстүрлі түрде қабылдап, талапкерлерді марапаттап қана қоймай,  білікті маман болып, дипломмен туған жерге қызмет етуге шақырып, ой-пікір алмасады.

Ауданның қай саласы болса да жаңашыл, жарқын идеялы, жас мамандарды қарсы алуға әзір. Бұл тұста "Алтын қор" резервінен күтер үміт легі де мол. 

Ал жас мамандарға жасалар жағдай, көрсетілер көмек басты назарда. "Отырардың дамуына өзіндік үлес қосуға бейілді жастардың жұмысқа орналасуы мен әлеуметтік жағдайы, тұрғын үймен қамтылуы толықтай қадағалауға алынады"-,дейді,  аудан басшысы Е.Айтаханов.

Жазғы демалыс мерзімінде өз сайлаушыларымен кездесуге Отырар ауданына арнайы іссапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев маманына маңызды жүк артып, келешегіне кемелді із қалдыруға бағытталған  "Алтын қор" жобасы өзгеге де үлгі болуы тиіс екендігін жеткізді.

Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық дамуын көзбен көру, 

пікірін тыңдау мақсатында арнайы  ат басын бұрған Мәжіліс депутатына аудан әкімі Ерлан Айтаханов ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жайында мағлұмат беріп, сақалды құрылыстар мен спорт, көгілдір отынмен қамтуға бағытталған бірқатар нысандарды таныстырып, ой-пікір алмасты.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Отырар ауданында "Алтын қор" резерві жұмыс жасауда