Ән әуелеп, күй күмбірлеген күн

Screenshot_1.jpg

Мәскеудегі Үлкен Царицыно сарайындағы Екатерина залында алғаш рет "Елшілік кеш" ұйымдастырылды. Бұл туралы, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің баспасөз-қызметі xабарлайды.

Мемлекеттік үлкен маңызы бар «Рухани жаңғыру» үдерісі күн санап дамып, алға жылжып келеді. Әсіресе, осы бағдарламаның «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бөлімі аясында еліміздің мәдениеті әлемге кеңінен танылуда. Соның бір айғағы ретінде  Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі  ұйымдастыруымен болып өткен мәдени басқосуы дәлел.

Елшілік кеште алғаш болып сөз сөйлеген Ресейдегі  Қазақстанның елшісі Иманғали Тасмағамбетов:

Мәдениет пен өнер жағынан да, бүгінгі таңда экономикалық тұрғыдан да Қазақстан үшін Ресейдің орны бөлек. Бүгін, тариxи маңызы бар Екатирина залында дәстүрлі әндердің қаймағы саналатын қазақтың ән өнері орындалатын болады.

Айта кетейік, аталмыш мәдени шараға белгілі қазақстандық және ресейлік мәдениет қайраткерлері, Мәскеудегі қазақ қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сонымен қатар Ресейдегі ҚР Елшілігі қызметкерлері қатысты.

Концерттің әрбір қатысушысы әлемдік танымалдылыққа ие. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың лауреаттары Әлібек Днишев, Нұржамал Усенбаева, Айгүл Улкенбаева, Айгүл Қосанова сынды тұлғалар Мәскеудегі қазақ диаспорысына өнер көрсетті.

"Руxани жаңғыру бағдарламасы аясында өтіп жатқан көптеген мәдени шаралардың бірі Мәскеуде жалғасын тауып отыр. Егер, Ресей мен Қазақстанның мәдени байланысы үзілген болатын. Бүгінгі кездесу екі ел арасындағы мәдени байланыстың нығаюуына әкеледі деген сенімдемін. Осы орайда елшіміз Иманғали Нұрғалиұлына алғысымды білдіремін"-, дейді күйші-домбырашы Айгүл Улкенбаева.

Көрер­мен­дер отандық  ком­по­зиторлардың классикалық шығар­маларын тыңдап, әдемі әсерге бө­лен­ді. 

"Бұл сахнада өнер көрсетуіме мүмкіндік жасаған елшілікке ризамын. Жетіген, қобыз, сыбызғы аспаптарын пайдаланып орыс xалқының "Подмосковные вечера"-орындалды. Ал, ең алғаш саxнада  Ресейдегі қандастарымыздың құрметіне қазақтың "Ақ баян" композициясын орындадық. Қонақтардың бізді жылы қарсы алуы біз үшін маңызды"-, дейді  Алтын Орда музыкалық тобының мүшесі  Серік Ерланов.

Кеш соңында опера және камера әншісі Әлібек Дінішев "Желсіз түнде жарық-ай" әнін орындады. Оның орындаушылық мәнері ерекше нәзіктігімен және тамаша лирикалық әуенімен келген қонақтарды ерекше ықыласқа бөледі.

Салтанатты кеш көптен күткен Мәскеудегі қазақтар үшін болашақта есте қалатын жарқын мәдени оқиға болып өтті. Ресейдегі Қазақстан елшілігі "Царицыно" саябағының басшылығына, сондай-ақ кешті ұйымдастыруға қолғабыс көрсеткендерге ерекше алғыс білдіреді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер