"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы Отырар тариxына терең қозғау салды

Көрлімі: 94

Screenshot_1.jpg

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­­ла­масының жалғасы бо­ла­­­тын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға ба­­ғыт­талған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында: "Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек"-деген болатын.

Елбасымыздың мақаласында айтылған жасампаз тарихымыздың жеті қырынан сыр шертетін "Отырар дастаны",  "Көне құмыраның сыры" атты анимациялық фильмдері Отырар ауданы әкімдігінің бастамасымен жарыққа шыққан болатын. Ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, батырларымыздың ерлігіне, мәдениетімізді сақтауға, тарихымызды бағалаудағы жолда еліміздің Ұлттық "Балапан" арнасы осындай фильмдерді республикамыздың кішкентай бүлдіршіндеріне насихаттап көрсеткені ерекше серпін болды. Әрине, бұл Елбасы бастамаларын жүзеге асырудағы бір ғана қадам. Келесі жылы алты айға созылған Отырар шайқасының орын алғанына 800 жыл толғалы отыр. Осы орайда, қазақ тарихында ерекше таңбаланған ерлікке толы оқиғаны болашақ ұрпаққа боямасыз күйде жеткізу үшін аудан билігі мен тұрғындары талмай тер төгуде.

Screenshot_2.jpg

Оңтайлы сәтте жарыққа шыққан жоғарыда аталған туындылар - тарихи санамызды жаңғыртуға, жастарды патриоттық сезімге баулуға бағыт беретініне кәміл сенімдеміз.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы Отырар тариxына терең қозғау салды