«Күлтөбе» музейге айналады

Museum.jpg

«Біз «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің тұжырымдамасына сәйкес келетін Израиль, Испания, Ұлыбритания, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және тағы басқа мемлекеттердің әлемге әйгілі тарихи кешендері мен музейлерін сақтау және реставрациялау тәжірибесін мұқият зерттедік. Жобада ежелгі Рим қаласындағы Помпей, Иерусалим қаласы, Осман империясының ірі сарайы "Топқапы", Мевлана музейі тәрізді, сондай-ақ ЮНЕСКО объектілері болып табылатын және жыл сайын жүздеген миллион туристерді қабылдайтын тарихи кешендерді реконструкциялаудың және қалпына келтірудің үздік халықаралық тәжірибелері ескерілді»

Өткен аптада Түркістан қаласында Премьердің бірінші орынбасары Асқар Маминге «Әзірет Сұлтан» мұражайы аумағындағы нысандарды таныстыру барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деді. Іс-сапар барысында қонақтар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпаларын аралады.

«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты XI-XII ғасырларға тән «Жұма мешіті» бүгінге дейін жеткен 40 мешіттің бірі. Мешітті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Дәл осындай жоспар «Қылует» жерасты мешітіне де жасалуда. «Жеті Ата» қақпасынан кесенеге дейінгі аумақтың панорамалық түрін қалпына келтіру мақсатында Орталық магистральды көшелердің бірі қайта жаңғыртылса, «Дарбаза», «Мүсәллә» және «Жеті ата» қақпалары да тарихи қалыпқа енбек. Ал, Күлтөбе қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналдырылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер