111 музейлік зат қайта жаңартылды

FB_IMG_1547112413163.jpg

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінің негізі 1967 жылы 17 мамырда Темір бекетінде ашылған мектеп музейінен бастау алады. Ол 1976 жылы аудандық мемлекеттік тарихи өлкетану музейі болып ашылған. Аудандық тарихи өлкетану музейі негізінде Қазақ ССР Мәдениет министрілігінің 1979 жылғы 16 қыркүйек № 33 бұйрығымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі құрылған. Музейдің алғашқы экспозициясының ресми түрде ашылу салтанаты 1989 жылдың 25 қаңтарында өткен. Аталған экспозиция ішінара тақырыптық өзгертулермен 2012 жылға дейін қызмет көрсеткен. 

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы Заманауи технологияларды пайдалана отырып жасалған музей экспозиция залының ресми ашылу рәсімі өтті. 

Экспозицияда орын алған жәдігерлер, осы өңірдің ежелгі тұрғындарының рухани-материалдық, саяси-әлеуметтік өмірі туралы көрермендерге мейлінше толық мәлімет береді. 

Экспозиция жұмысы мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелерді жүзеге асыруға, атап айтқанда, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге, ұлттық рухты мәңгі етуге септігін тигізуге бағытталған.

-"Қазіргі таңда Отырар қорық-музейінен 202 тарихи-мәдени ескерткіш тізімге алынған. Оның ішінде, археологиялық ескерткіштер саны – 168, архитектуралық ескерткіштер саны – 6, ирригациялық жүйелер – 28. 

Ал 3 ескерткіш, яғни Отырар, Арыстанбаб, Оқсыз

республикалық дәрежеде болса, 73 ескерткіш 

жергілікті маңызға ие. 

Музей қоры жыл сайын музейлік заттармен толықтырылса, өткен жылы қорға 209 жәдігер жинақталып, музей қорындағы жалпы жәдігерлер саны 24 354 бірлікке жетті. 

Музей қорындағы музейлік заттар мен экспозициядағы экспонаттар қайта қалпына келтіріліп тұрады. Өткен жылы 111 музейлік зат қайта жаңартылды",-деді Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Айбек Жандосов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер