Түркістанда “Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіруге қатысты қойылатын талаптар” атты облыстық конфе

IMG-20190212-WA0103.jpg

Шараны Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірханұлы ашып берді.

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференцияның мақсаты - латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің  негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу болып табылады.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

IMG-20190212-WA0078.jpg

Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу. Бұл қазіргі заман талабы. 

Конференция барысында «Латыннегізді графиканың орфографиялық ережелері» тақырыбы бойынша А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, филология ғылымының кондидаты Қошанова Нағима Данабекқызы, «Жазуы жаңарған халқымыздың жан – жүрегі де тазарады» тақырыбы бойынша Шардара аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Манахова Құрбанкүл Бекмұратқызы, «Жаңғыру – жазудан басталады» тақырыбы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Ақтолқын Жаманбаева  Әлиярбекқызы баяндама оқып, латын графикасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Конференцияға аудан, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары және тіл жөніндегі мамандары, тілдерді оқыту және дамыту орталығының директорлары мен  әдіскер – оқытушылары, Түркістан қаласындағы колледждер және мектептегі қазақ тілі пәнінің мұғалімдері қатысып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер