Жарықтандыру жұмысы жанданды

1265.jpg

Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі мамандарының мәліметі бойынша қаладағы 139 орталық көшеде, 8 саябақ, 32 гүлзарда жарықтандыру жүйелері орналасқан. 2016-17 жылдары Тәуке хан даңғылы, Бақбаев, Темірлан тасжолы, Желтоқсан және Бәйтереков көшелерінде жер асты бойынша жарықтандыру желілері жүргізілді. Бүгінде осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында Бәйдібек би даңғылы, Темірлан тасжолын (Бейбітшілік көшесінен-Бекжан базарына және Бақбаев көшесінен-«СинОйл» жанармай құю бекетіне дейін) жер асты бойынша жарықтандыру желілерін жүргізу жұмыстары қызған шақ. Жүйелерді күтіп ұстау жұмыстары да назарда тұр.  Былтыр төрт аудан бойынша 28 көшеде құрылыс жұмыстары басталған болатын. Олардың 16-сының жұмысы аяқталып, жүйеге қосылған. Қалған 12 көше биыл тапсырылады екен. Биыл жарықтандырылған көшелерінің саны 28 көшеге ұлғаяды дейді мамандар. Жалпы, биылғы жылға өтпелі болған құрылыс жұмыстары толығымен тамыз айында аяқталып, жарықтандырылған көше саны 162-ге жетеді екен. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жаңадан қосылған елдімекендердің орталық көшелері мен мектеп, балабақша орналасқан 43 көшені жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 39 көшеде жаңа құрылыс, 4 көшеге қайта құру жұмыстары қарастырылып, бекітілген өндірістік кестеге сәйкес биылғы қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер