Баспаналы болғыңыз келсе...

0002.jpg

Шымкент қаласының тұрғындары миллионға жеткелі бері баспанаға деген мұқтаждық та арта түсті. Биылдан бастап қолға алынған Елбасының мемлекеттік «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламалары шымкенттіктерге баспаналы болуға  жол ашуда. Ағымдағы жылдың 23 шілдесінен бастап «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент қаласы Əкімшілігінің халықтық кеңсесі «Фронт-офис» ғимаратында орналасқан кеңес орталығында бағдарламаға қатысу ережелерін түсіндіру жұмыстарын бастады. Бұл жерде, мамандар мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламалары туралы толық ақпарат беріп, тұрғын-үй жинақтары туралы келісім шарт жасау жолдарын үйретеді Сондай-ақ, Шымкент қаласында бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандары туралы ақпаратқа да қанық болуға болады.  Айта кетейік, биыл тұрғындары миллионға жеткен еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте алдағы жылдары 435 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Биыл 83 көпқабаты үй пайдалануға беріледі. Соның 52-сі бюджет есебінен салынып жатыр. Осы салаға жеке бизнесті тартуға да ерекше назар аударылып отыр. Жалпы бүгінде шаһарда  171 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл 9222 пәтер немесе 671 мың шаршы метрді құрайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер