Биыл қанша мектеп жөнделеді?

DSC_5051.JPG  

  Биыл Шымкент қалалық құрылыс басқармасы құрылысы аяқталатын төрт мектептің қосымша ғимаратына тапсырыс беріпті. Атап айтқанда, Сайрам тұрғын алабындағы №112 мектеп жанынан бой көтерген 300 орынды және Таскен тұрғын алабындағы №103 мектепке қосымша - 600, Қарабастау тұрғын алабындағы №99 мектепке 300 орынды жаңа ғимараттар бой көтерді. Мамандардың айтуынша қазіргі таңда №99 және 103 мектептердің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Ал №76 орта мектептің оқу блогы, асхана, шеберхана және спортзалының құрылыс жұмыстарын аяқтау биылғы қараша айына жоспарланған. Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаевтың айтуынша, шаһарда жыл басынан бүгінгі күнге дейін 12 мектеп және бір балабақша салынған.
– 12 мектептің төртеуінде құрылыс жұмыстары аяқталды, тағы біреуі қарашада пайдалануға тапсырылады. Таскендегі №103 орта мектептің 600 оқушыға арналған жаңа оқу блогына ұлттық қордан қаржы қаралса, Бозарықтағы жаңа мектепке республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Ал құрылысы аяқталған қосымша оқу блоктары өңірлік бюджет есебінен қаржыландырылды, – дейді Әбілсейіт Байсейітұлы. Қорыта айтқанда 12 мектептің бесеуі және бір балабақша биыл пайдалануға беріледі, қалған 7 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер