Зообақта көл болады

Көрлімі: 141

Ашылғанына ширек ғасырдан астам уақыт болған Шымкент зообағы бүгінде қалалықтардың ең сүйікті мекеніне айналған. Жаңғыртудан өткізілген зообақ аумағы жыл сайын жаңа аңдармен толығып келеді.

Оның үстіне зообақта жыл сайын көптеген өзгерістер орын алуда. Зообақ аумағында бұрын жасанды көл болған. Алдағы уақытта ол жерде жаңа көл пайда болмақ. Сондай-ақ, ол көлде арал салынады. Аралда арнайы құстарға ерекше стильдегі қорған тəрізді ұялар болады.

 Көпірде екі қорған секілді демалыс орындары қарастырылған.

    Айта кетейік, Шымкент хайуанаттар бағы — Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. 1980 жылы ашылған зообақта бүгінде 249 түрлі 2 жарым мыңдай жан — жануарлар бар. Аң түрлері жыл санап артуда. Саябақтағы Африка аумағының ашылуына байланысты жан- жануарлармен толықтыру мақсатында Еуразия құрамындағы зообақтардан аңдарға тағы сұраныс берілген. Яғни, аң түрлерінің саны тағы да артпақ. Зообақты қайта құру жұмыстары 2010 жылы басталған. Африка аумағы мен Тау экспозициясы жоспарлы кезеңде аяқталған. Қазіргі уақытта 9 вольердің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Зообақта көл болады