Автоматтандырылған диспетчерлік жүйе шығынды азайтады

Көрлімі: 84

тұрғын-үй-696x391.jpg

Көп қабатты тұрғын үйлерді автоматтандырылған диспетчерлік жүйе арқылы басқару халыққа тиімді. Мамандардың айтуынша тың тәртіп тұрғындарға коммуналдық қызмет ақыларын төлеуде үнемдеуге сеп болады. Үй басқарушылары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері жақында  Шымкентте өткен семинарда жаңа технологияның қыр-сырына қанықты. Автоматтандырылған торапқа алдымен коммуналдық үйлер қосылады. Оған кеткен бар шығын қала бюджетінен қаралады. «Автоматтандырылған диспетчерлік тарап жүйесінің іске қосылғанына елімізде бірер жылдан асып барады. Тиімділігін көрсетті. Барлық коммуналдық төлемдердің есебі орталық жүйеде тіркеліп отырады. Бұл тұрғындарға үнемдеуге де мүмкіндік береді», — деді «Шымкент тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры Әбдімәлік Балбаұлы.

   Одан өзге «Ақылды қала» жүйесі бойынша бүгінгі таңда қалалық ішкі істер басқармасына қарасты жедел басқару орталығында 479 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл бейнебақылау құрылғыларының саны жыл соңына дейін тағы да арта түсетін болады. Олар қоғамдық орындар мен халық көп жиналатын көшелерге орнатылған. Егер қоғамдық орында қандай да бір қылмыс немесе әкімшілік құқықбұзушылық бола қалса, полиция инспекторлары сол маңдағы бейнебақылау камералары арқылы бақылап, қылмысқа күдікті немесе әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаны және автокөлікті анықтай алады.

 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Автоматтандырылған диспетчерлік жүйе шығынды азайтады