«Қырғы» базарда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Көрлімі: 120

39245262_513787542380646_6560098267265236992_n-696x522.jpg

Жуырда ғана қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қаладағы «Қырғы базарда» заңсыз сауда нүктелері сүрілген болатын. Жайма базарға айналдырып жібергендердің жолы кесіліп, ретсіз сауда жойылды. «Қырғы» базар алдындағы жер асты өткелінің бар болғанына қарамастан тұрғындар жол бойындағы бетон қоршаулардан асып өтетін-ді. Енді бұған да тосқауыл қойылмақ. Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Қырғы» базар аумағын абаттандыру, көгалдандыру және жол бойындағы бетон қоршауларды заманауи үлгіге сәйкес темір қоршауларға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Базар аумағы аз ғана уақытта ретке келтіріліп, тәртіп орнады. Алдағы уақытта заман талабына сай, таза да әсем кейіпке енетіні сөзсіз.

Айта кетейік, «Қырғы базар» шаһардағы ең арзан сауда орындарының бірі. Сондықтан мұнда облыстың түкпір-түкпірінен күніне шамамен 30 мыңға жуық адам келіп-кетеді. Базар маңы бұған дейін жабайы сауда қатарларына толы болатын.



®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: «Қырғы» базарда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде